Accessibility links

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды


Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. (Қорғаныс министрлігі сайтындағы сурет.)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. (Қорғаныс министрлігі сайтындағы сурет.)

Қазақстанда міндетті әскери қызмет атқару үшін күзгі шақыру басталды. Бұл туралы бүгін қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратта биыл күзде 18-27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланып отырғаны айтылған.

Армия қатарына шақырылғандарды әскери бөлімдерге бөлу кезінде жастардың мамандығы мен алдын ала зерттеу қорытындылары ескеріледі деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Күзгі әскерге шақыру науқанында "шұғыл желі" жұмыс істейді.

Қазақстанда міндетті әскери қызмет борышын өтеу мерзімі - 12 ай.

XS
SM
MD
LG