Accessibility links

Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылы басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстандағы мектептерде алғашқы қоңырау соғылды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Биыл 1 қыркүйек Құрбан айт мейрамына дөп келгендіктен алғашқы қоңырау соғу салтанаты 2 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

Елде жаңа оқу жылына жаңадан салынған 35 мектеп пайдалануға беріліп, 380 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады деп хабарланды.

Өткен жылы Қазақстанда бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқи бастаған болатын. Ал биыл 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді деп хабарлайды Қазақпарат.

XS
SM
MD
LG