Accessibility links

Германияда бомбаны залалсыздандыру үшін ірі эвакуция жасалды


Германияның Франкфурт қаласындағы эвакуация кезі.
Германияның Франкфурт қаласындағы эвакуация кезі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған ірі британдық авиабомба Германияда соғыс аяқталғаннан бергі кезеңдегі ең үлкен эвакуцияға себеп болды. Франкфурт қаласында бүгін таңертең 60 мыңнан аса тұрғын үйін тастап шықты. Арнайы қызмет өкілдері бомба табылған аймақта ешкімнің қалмағанын мұқият тексеріп болған соң, Астана уақытымен сағат 16:00 кезінде мамандар бомбаны залалсыздандыруға кіріскен.

Бомба тамыздың 29-ы күні Гёте атындағы университеттің студенттер қалашығындағы құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Жалпы салмағы 1,8 тонна тартатын бомбаның құрамында 1,5 тоннаға жуық жарылғыш зат бар деп хабарланған. Бомба табылғаннан соң қоршауға алынған радиусы 1,5 шақырым аумақта тұрғын үйлермен қоса Франкфурт полициясы басқармасының ғимараты, бірнеше аурухана, Hessischer Rundfunk медиакомпаниясының штаб-пәтері орналасқан.

Бұл бомба табылғанға дейін Германия тарихында ең ауқымды эвакуация 2016 жылдың соңында Аугусбург қаласында болған еді. Ол жолы 54 мыңға жуық адам үйн-жайын тастап шығуға мәжбүр болған. Ал 2017 жылы Ганноверде табылған авиабомбаны залалсыздандыру кезінде 50 мыңға жуық адамды қауіпсіз аймаққа алып шыққан.

XS
SM
MD
LG