Accessibility links

Украин мәдени орталығы белсендісі Қырымнан кетуге мәжбүр болған


Қырымдағы украин мәдени орталығының белсендісі Леонид Кузьмин.
Қырымдағы украин мәдени орталығының белсендісі Леонид Кузьмин.

Ресей аннексиялап алған Қырымдағы украин мәдени орталығының белсендісі Леонид Кузьмин қоқан-лоққылардан кейін түбектен кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы "Крым.Реалии" сайты хабарлады.

Кузьмин өзіне телефон шалғандар "Балухтың кейпін киесің" деп доқ көрсеткенін айтады. Украиншыл белсенді Владимир Балухты жарылғыш заттары және оқ-дәрі сақтаған деген айыппен сотталған болатын.

Леонид Кузьминнің сөзінше, Кремльге бағынышты Қырым билігінің міндеті - "сайлау алдында алаңды тазарту". Бұған дейін Симферопольдегі темір жол вокзалы жанында украин мәдени орталығының белсенділері Галина Балабан мен Алена Попова ұсталған. Полиция өкілдері олар "заңсыз қызметпен айналысушыларды іздестіру" шарасы барысында ұсталды деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG