Accessibility links

Reuters: Өзбекстан валюта конвертациясы тәртібін енгізеді


Өзбекстан сумы және АҚШ доллары. (Көрнекі сурет.)
Өзбекстан сумы және АҚШ доллары. (Көрнекі сурет.)

Өзбекстан билігі қыркүйектің басында валютаның еркін конвертациясын қолданысқа енгізбек. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек қызметі (Озолдик) хабарлады. Reuters ақпараты бойынша, ел тұрғындары валютаны қолма-қол ақшамен ала алмайды: долларды сатып алғаннан кейін арнайы картаға салу тәртібі белгіленген.

Агенттіктің Өзбекстандағы дерек көздерінің айтуынша, доллардың айырбас бағамы 7700 сумнан артық болмақ. Қазіргі кезде валютаның "қара базардағы" құны осы деңгейде.

Бұған дейін Өзбекстан орталық банкі елде ақша айырбастау пункттерінің "үздіксіз жұмыс істеуін, сонымен бірге клиенттерге уақытылы және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін" жаңа тәртіп күшіне енгізілетіні туралы хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG