Accessibility links

АҚШ-та ресейлік консулдыққа өрт сөндірушілерді кіргізбей қойған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Ресей бас консулдығының қызметкерлері өртке қарсы қызмет өкілдерін дипломатиялық миссия аумағына кіргізбей қойған. Өрт сөндірушілер ғимараттан будақтап түтін шығып жатқаны туралы жергілікті тұрғындар хабар берген соң ресейлік консулдыққа барған. Өрт сөндірушілерді ғимаратқа кіргізбеу себебін консулдық қызметкері "пеште керексіз заттар жағылып жатыр" деп түсіндірген.

Осының қарсаңында АҚШ мемлекеттік департаменті қыркүйектің 2-іне дейін Ресей АҚШ-тағы төрт дипломатиялық нысанын жабуы тиіс деп мәлімдеген. Сан-Францискодағы Ресей бас консулдығы мен дипломатиялық миссия басшысы резиденциясы босатылуы тиіс. АҚШ билігінің шешімі бойынша, бұл ғимараттарды дипломатиялық қызметке қатысты жұмыстар үшін пайдалануға болмайды деп хабарлайды "Америка дауысы". АҚШ тарабы Ресейдің меншігіндегі бұл ғимараттарды босатқаннан кейін оларды "қызмет көрсетіп, күзетуге" мүмкіндік сақталады деп мәлімдеген.

Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің хабарлауынша, АҚШ билігі Ресейден дипломатиялық қызметкерлер санын қысқартуды талап етіп отырған жоқ. Ресейлік мекемелер қызметкерлері АҚШ-тағы өзге ресейлік өкілдіктердің ғимараттарына қоныс аудара алады.

XS
SM
MD
LG