Accessibility links

Ресейдің Красноярск өлкесінде "Единая Россия" штабын өртеген


Красноярск қаласының шетіндегі панно.
Ресей, 12 тамыз 2017 жыл.
Красноярск қаласының шетіндегі панно. Ресей, 12 тамыз 2017 жыл.

Ресейдің Красноярск өлкесіндегі Назаров қаласында қыркүйектің 2-і күні таңертең белгісіз біреулер "Единая Россия" партиясы штабы ретінде жалға алған бөлмені өртеген деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Партияның аймақтық бөлімшесінің сайтындағы ақпаратта өрт салдарынан кеңсе техникалары, жихаздар, Назаров қаласында партияның сайлау кампаниясын өткізуге арналған үгіт өнімдері мен өзге де заттары жойылғаны туралы айтылған. Өрттен адамдар зардап шекпеген.

"Единая Россия" партиясының штабы жалғыз қабатты жеке ғимаратта орналасқан. Шабуылдаушылар терезені сындырып, бөлмеге жанармай құйылған резеңке дөңгелекті лақтырып, от қойған. Олар күзетші отыратын бөлменің есігін сыртынан жауып тастаған.

"Единая Россия" партиясының Красноярск аймақтық бөлімшесінің хатшысы Алексей Додатко мұны партияның "саяси оппоненттері" жасады деп мәлімдеген. Ол "штабты кім өртегенін және оның артында кім тұрғанын тергеу анықтайды" деп үміттенентінін айтқан.

2017 жылғы қыркүйектің 10-ы күні Назаров қалалық кеңесіне депутаттар сайлауы өтпек.

XS
SM
MD
LG