Accessibility links

Киевте Саакашвилидің бауырын ұстаған


Михаил Саакашвили. Варшава, 6 тамыз 2017 жыл.
Михаил Саакашвили. Варшава, 6 тамыз 2017 жыл.

Грузияның бұрынғы президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилидің бауыры Давидті Киевте Украина ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстаған. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Илья Кива 112.ua арнасы эфирі кезінде Давид Саакашвилиге елде болу тәртібін бұзған деген айып тағылғаны туралы хабарлаған.

Өткен аптада Михаил Саакашвили украин және грузин биліктері бірігіп, өзіне "Грузияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған" деген айып тақпақшы деп мәлімдеген болатын.

Қазір Польшада жүрген Саакашвили қыркүйектің 10-ы күні Украинаға оралу ниеті бары туралы айтқан еді.

Шілденің соңында Украина президенті Петр Порошенко Одесса облысының экс-губернаторын украин азаматтығынан айыру туралы жарлық шығарған. Ресми Киев мұны "саясаткер Грузияда сырттай қамауға алынғаны туралы билік шешімі бола тұра азаматтық алу туралы құжат толтырған кезде тергеуде екені жайлы көрсетпеген" деп түсіндіреді. Михаил Саакашвили ол ақпаратты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG