Accessibility links

Боксшы Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды


Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев (қызыл формада) Гамбургтегі әлем чемпионатында (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).
Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев (қызыл формада) Гамбургтегі әлем чемпионатында (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).

Гамбургте (Германия) аяқталған бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс, үш қола медаль иеленді.

56 килограмда қазақстандық Қайрат Ералиев финалда Дюк Раганды (АҚШ) жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бес төрешінің үшеуі жеңісті Ералиевке берді.

75 килограмда қазақстандық Әбілхан Аманқұл украиналық Александр Хижняктан 0:5 есебімен жеңілді. +91 килограмда қазақстандық Қамшыбек Қонқабаев әзербайжандық Магомедрасул Меджидовты жеңе алмады. Ал Ержан Жомарт (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Василий Левит (91 кг) қола медаль алды.

Жалпы есепте бірінші орынды Куба (5 алтын, 2 күміс), екінші орынды Өзбекстан (1 алтын, 3 күміс, 2 қола), үшінші орында Қазақстан иеленді. Ресей құрамасы бір күміс, бір қоламен шектелді.

Келесі әлем чемпионаты 2019 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG