Accessibility links

ИМ тобы Ирактағы электр станциясына шабуылға жауапкершілікті алды


Шабуыл жасалған жерде тұрған полиция өкілі. Самарра, Ирак, 2 қыркүйек 2017 жыл.
Шабуыл жасалған жерде тұрған полиция өкілі. Самарра, Ирак, 2 қыркүйек 2017 жыл.

Иракта сенбі күні Бағдаттан шамамен жүз шақырым жердегі Самарра қаласындағы электр станциясына жихадшылар тобы жасаған шабуыл салдарынан жеті адам қаза тауып, 13 кісі жараланған. Қаза болғандардың үшеуі электр станциясының жұмысшылары, төртеу - полиция қызметкерлері деп хабарланды.

"Ислам мемлекеті" террорлық тобы Самаррадағы шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Шабуыл жасағандардың барлығы қаза тапқан. Reuters агенттігінің дерегі бойынша, жихадшылардың бірнешеуін полиция атып өлтірген. Қалғандары өз-өзін жарып жіберген.

Шабуылдан бүлінген электр станциясы уақытша жұмысын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG