Accessibility links

Трамп "Харви" дауылынан зардап шеккен аймақтарға барды


Дональд Трамп Техастағы тасқын туралы мәліметпен танысып тұр. 29 тамыз 2017 жыл.
Дональд Трамп Техастағы тасқын туралы мәліметпен танысып тұр. 29 тамыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Харви"дауылы мен тасқыннан зардап шеккен Техас және Луизиана штаттарына барып, жағдаймен танысты.

Техаста ол жергілікті тұрғындармен кездесіп, табиғи апаттан зардап шеккендер уақытша паналап жатқан орталықтарда болды. Трамп дауыл салдарын жоюға жеке қаражатынан миллион доллар бөлуге ниет білдірді.

Бұған дейін Ақ үй басшысы конгрестен табиғи апат салдарын жою үшін сегіз миллиард долларға жуық қаржы бөлуді сұраған. Техас штатының губернаторы Грег Абботтың дерегі бойынша, штатта қалпына келтіру жұмыстарына 125 миллиард доллардан астам қаржы қажет.

"Харви" – соңғы 12 жылда АҚШ-та тіркелген ең күшті дауылға айналды. Табиғи апат салдарынан елуге жуық адам қазаға ұшыраған. Бір миллионнан аса тұрғын мекен-жайларын тастап кетуге мәжбүр болған. Хьюстон қаласында қатты нөсердің соңы тасқынға ұласқан.

XS
SM
MD
LG