Accessibility links

"Союз МС-04" ғарыш экипажы Қазақстан жеріне қонды


"Союз МС-04" ғарыш кемесі тиелген зымыранның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. 20 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
"Союз МС-04" ғарыш кемесі тиелген зымыранның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. 20 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

"Союз МС-04" ғарыш экипажының мүшелері - ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин, АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) астронавтары Джек Фишер мен Пегги Уитсон бүгін Қазақстан аумағына қонды. Ғарыш аппараты жексенбі күні таңертең Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым қашықтыққа қонған деп хабарлады Интерфакс агенттігі.

Осымен бесінші рет халықаралық ғарыш станциясында болған Юрчихин бұл сапарында тоғызыншы рет ашық космосқа шыққан. Уитсонның ғарыш сапары 290 тәулікке жалғасқан.

Қазір халықаралық ғарыш станциясында шілдеде "Союз МС-05" ғарыш кемесімен ұшырылған экипаж жұмыс атқарып жатыр. Құрамында ресейлік Сергей Рязаннский, америкалық Рэндолф Березник және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі Паоло Несполи бар экспедиция ғарышта 139 тәулік болмақ.

XS
SM
MD
LG