Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысы маңында сенбінің кешінде болған төбелеске күдікті адамдар анықталған. Бұл туралы бүгін Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаев мәлімдеген. Төбелес салдарынан жарақат алған үндістандық екі азамат ауруханаға түскен.
Министрліктің хабарлауынша, Астана ішкі істер департаменті "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күзет фирмасының қызметкері Полатовтың денесін жарақат түсіруге күдіктілерді анықтаған. Сонымен бірге, Полатовты ұрып-соғуға қарымта ретінде құрылыс нысанында жұмыс істейтін Үндістан азаматтарын сабауға қатысқан күзет фирмасы қызметкерлері арасынан күдіктілер анықталған деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
Астана полициясы сенбі күнгі төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы бұған дейін хабарламаған еді.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, төбелес болған жерден полиция бөліміне апарылған 41 азаматтың сегізіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ұсталған өзге адамдар босатылған.