АҚШ қарулы күштері штаб басшыларының біріккен комитетінің басшысы Джохеф Данфорд пен оның Оңтүстік кореялық әріптесі Чон Ген Ду Пхеньян сутегі бомбасын сынақтан өткізген соң Солтүстік Кореяға қатысты әскери шаралар қабылдауға келісті деп хабарлады "Ренхап" агенттігі.
Телефон арқылы сөйлескен Чон Ген Ду әскери жауап қайтару қажетін мәлімдеді. Денфорд Суелге АҚШ тарапынан қажетті көмек көрсетуге уәде берді.
Чон Ген Ду Оңтүстік Кореядағы АҚШ қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Винсент Брукспен сөйлесіп, екі тарап таяу уақытта Пхеньянға қарсы әскери шаралар қолдануға келісті.
Солтүстік Корея 3 қыркүйекте сутегі бомбасын сынағанын жариялаған. Солтүстік Кореяның орталық телеарнасы әскери зарядты құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға болатынын хабарлаған. 29 тамызда Солтүстік Корея Жапонияның Хоокайдо аралына қарай зымыран ұшырып, онысы Тынық мұхитына түскен.
Қытай мен Оңтүстік Корея Пхеньянның сутегі бомбасын сынағанына қатаң айыптады. АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея Қытайға үлкен проблема туындатып отырғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның әрекеті "Корей түбегі мен тұтас аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп тұрғанын" және оның салдары Пхеньян үшін ауыр болатынын мәлімдеді.