Accessibility links

Өзбекстан: Қырғызстанмен шекараның 80 пайызы келісілді


Өзбекстанның Қырғызстанмен шекарасындағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Өзбекстанның Қырғызстанмен шекарасындағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Өзбекстан мен Қырғызстан екі мемлекет арасындағы шекараның 80 пайызын белгілеуге қатысты келісім жасасты. Бұл туралы Өзбекстан үкіметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, 21-31 тамыз аралығында Бішкекте, одан соң Ташкентте Өзбекстан және Қырғызстанның жұмыс топтары шекара мәселелерін талқылаған. Олар шекара туралы келісім ғана емес, мемлекетаралық құжатқа тиісті қосымшалар да әзірлеген.

28 тамызда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстанмен арада шекараның 84 пайызы келісілгенін хабарлаған болатын. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, 26 жыл бойы мемлекеттік шекара дау туғызып келген, енді ол проблемалар шешіліп жатыр.

Қырғыз-өзбек шекарасының жалпы ұзындығы 1378 километрді құрайды, оның 320 километрі немесе 58 учаскенің мәртебесі анықталмаған.

XS
SM
MD
LG