Accessibility links

Меркель: Түркияның ЕО-ға мүше болу келіссөзін тоқтату керек


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағы (ЕО) құрамында Түркияны елестете алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сайлауалды теледебатында айтты.

Меркель "Түркияның ЕО-ға мүше болып қабылданбайтынына сенімді екенін" айтып, ЕО-ның өзге басшыларымен бұл мәселедегі Анкарамен келіссөзді тоқтату жайын талқылайтынын мәлімдеді.

Германия билігі Түркияның ЕО-ға кіруі туралы келіссөзді біржақты түрде тоқтата алмайтынын, бірақ Түркияда германиялық азаматтардың ұсталуына жауап ретінде экономикалық шараларды қатаңдатуға ниетті екенін айтты. Германия ақпарат құралдарының мәліметінше, қазір Түркияда германиялық 12 саяси тұтқын түрмеде отыр. Олардың төртеуінің екі азаматтығы бар.

Берлин мен Анкара арасындағы қарым-қатынас Германия Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды өткен жылы жазда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейінгі жаппай қудалау саясаты үшін сынаған соң нашарлай бастаған.

Канцлер сонымен қатар Берлин Анкарамен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге ниетті емесін де мәлімдеді. Дегенмен ол Түркия билігінің Германиядағы түрік азаматтарына қысым көрсетуге тырысуына төзуге болмайтынын да жеткізді.

XS
SM
MD
LG