Accessibility links

Прокурор Мамайдың бас бостандығын шектеуді сұрады


Қамаудағы журналист, билік "БТА Банктен жымқырылған ақшаның бір бөлігін өзінің "Трибуна. Саяси қалам" газеті арқылы жылыстатпақ болды" деп айыпталған Жанболат Мамайдың сотында прокурор Мамайдың төрт жыл бас бостандығын шектеуді сұрады.

Айыптаушы прокурор Баймағамбетов тараптардың жарыссөзінде сонымен қатар Мамайдың дүние-мүлкін тәркілеп, журналистік қызметпен айналысуына тыйым салуды да сұрады. Прокурор Мамайға тағылған "қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастырды" деген айыптың негізі бар деп санайды. Прокурор "жасалған қылмыстың" ауыр салдары және жазаны қатаңдататындай жайттың жоғын, сотталушының кәмелетке толмаған баласы және егде ата-анасын бағып отырғанын айтты.

Мамайдың адвокаты Мадина Бакиева айыптауды негізсіз деп санайтынын, журналистің БТА Банктің бұрынғы топ-менеджері Жақсылық Жарымбетовтен қаржыны "демеушілік көмек ретінде" алғанын мәлімдеді. Адвокат сонымен қатар Жарымбетов пен БТА Банктің басқа да бұрынғы басшылары, оның ішінде банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке қатысты сот үкімі биыл маусымда шығып, тамызда күшіне енгенін, ал Мамай Жарымбетовтен қаржылай көмекті 2012 жылы алдым дегенін айтты.

Тергеу тарабының ұйғарымынша, Мұхтар Әблязов "БТА Банктен заңсыз шығарылған қаржыны заңдастыру мақсатында Жанболат Мамаймен байланыс орнатып, Жақсылық Жарымбетов арқылы оған ақша беріп тұрған, ал Мамай оны оппозициялық газет шығаруға жұмсаған".

Мамай өзіне тағылған айыптың "азаматтық белсенділігім үшін кек қайтару мақсатында құрылған, саяси астары бар" деп, мойындамайды. Ол биылғы ақпаннан бері қамауда отыр. Мамай қамалған соң "Трибуна" Саяси қалам" газеті жұмысын тоқтатқан.

Азаттықтың Жанболат Мамайдың сотынан тікелей трансляциясы:

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG