Accessibility links

Қытайда БРИКС саммиті өтіп жатыр


БРИКС елдерінің басшылары саммитке жиналды. Сямэн, Қытай, 4 қыркүйек 2017 жыл.
БРИКС елдерінің басшылары саммитке жиналды. Сямэн, Қытай, 4 қыркүйек 2017 жыл.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин елдің оңтүстік-шығысындағы Сямэнь қаласында өтіп жатқан БРИКС ұйымы (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка республикасы) саммитінде ұйым елдерін бүкіл әлемде күшейіп келе жатқан сауда протекционизмімен күресте күш біріктіруге шақырды. Саммит Корей түбегіндегі жағдай шиеленіскен тұста өтіп жатыр.

Сарапшылар бұл саммитте Си Цзиньпиннің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне назар аударып отыр. Ресми Xinhua агенттігі Қытай мен Ресей басшылары Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауына байланысты шиеленістің күшейгенін талқылағанын хабарлады. Агенттік Цзиньпин мен Путин Пхеньянның әрекетін қатаң айыптап, "Корей түбегін ядролық қарудан арылту мақсатын ұстануға" және қару сынауға жауап беру үшін тығыз байланыс орнатуға келіскенін айтады.

Кейбір сарапшылар Пхеньянның БРИКС саммиті өтердің алдында қаруын сынауы ең алдымен Қытай басшысын ашуландырғанын айтады.

Қытай - Солтүстік Кореяның басты одақтасы саналады әрі экономикалық экономикасына көмек көрсетеді.

XS
SM
MD
LG