Accessibility links

Ресейде "ұнамсыз қылық пен тәлім" туралы заң дайындап жатыр


Ресей Федерация кеңесінің отырысы.
Ресей Федерация кеңесінің отырысы.

Ресей Федерация кеңесінің мемлекет егемендігін қорғау комитеті "ұнамсыз қылық пен тәлім" үшін жауапқа тартатын заң жобасын дайындап жатыр. Жобада әлгіндей қылық пен тәлімі үшін ресейліктерге қылмыстық жауапқа тартылу, ал шетелдіктер үшін Ресейден күштеп шығару жазасы қарастырылған. Бұл жайында "Извести" басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Бұл ақпаратты комиссия басшысы Андрей Климов растады.

"Ұнамсыз қылық пен тәлім" деп Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер саналмақ. Мұндай әрекеттер қатарына "ұлттық және діни жеккөрушілікті, саяси алауыздықты тудыру" да, елдің сайлау процесіне килігу де жатқызылмақ. Бұдан өзге, "елден сыртта отырып жастармен жұмыс істеу" де "ұнамсыз қылық пен тәлім" деп саналмақ.

Заң жобасы Мемлекеттік думаға 2018 жылдың басында түсуі мүмкін. Ол екі жыл бұрын қабылданған "Ұнамсыз ұйымдар туралы" заңды толықтырмақ. Ресейлік және халықаралық құқық қорғаушылар бұл заңды бұған дейін бірнеше рет сынаған.

Ресей парламентінде мемлекет егемендігін қорғау жөніндегі комитет биыл маусымда құрылған. Федерация кеңесі комитет Ресейдің ішкі ісіне араласумен күресу мақсатында құрылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG