Accessibility links

БҰҰ: Степногорск абақтысында көз жұмған тұтқынды азаптаған


Атбасардағы қатаң тәртіптегі колонияның қақпасы, Ақмола облысы (Көрнекі сурет)
Атбасардағы қатаң тәртіптегі колонияның қақпасы, Ақмола облысы (Көрнекі сурет)

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Степногорск қаласының тергеу абақтысында қаза тапқан тұрғыны Дмитрий Ракишевты азаптауға ұшыраған деп, ал Қазақстанды "азаптаудың алдын алу мен оны жасағандарды жазалау бойынша өзіне алған міндеттерін орындай алмады" деп таныды. Комитет Қазақстан "тергеу изоляторындағы немқұрайлылық" туралы қылмыстық істі ғана тергеген дейді. Бірнеше жыл бұрын тергеу абақтысының бастығы сотталып, сот залында рақымшылықпен босатылған болатын.

БҰҰ комитетінің шешімі туралы комитеттің адам құқықтары жөніндегі келісім бөлімінің басшысы Ибрагим Саламның қазақстандық құқық қорғаушы Анар Ибраеваға жазған хатынан белгілі болды. Ибраева 2014 жылы қаңтарда Әшім Ракишев пен оның қаза тапқан ұлы Дмитрий Ракишевтің атынан БҰҰ комитетіне шағымданған. БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Рақышевтің ісі туралы шешімін биыл 31 шілдеде шығарған.

БҰҰ комитетінің шешімінде Ракишевтің "жаны қатты қиналып, абақты басшылығы "жедел жәрдем" шақыртуға мәжбүр болғаны" айтылады. Дәрігерлердің Ракишевті ауруханаға жатқызу туралы кеңес бергеніне қарамастан абақты басшылығы тұтқынды ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Азаттық бұл жайлы 2011 жылы мақала жазған.

Дмитрий Ракишев алты жыл бұрын оның алдында ұрлық жасады деп шартты мерзімге сотталғандықтан полицияға міндетті "белгіленуге" кеткеннен кейін үйіне оралмаған. Полиция оны өзге бір ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Степногорск қалалық ішкі істер басқармасының уақытша қамау абақтысына жапқан. Туыстарының айтуынша, ол абақтыдан үйіне телефонмен хабарласқан және денсаулығына қатысты шағым білдірмеген. Сол кезде Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс істегендердің айтуынша, Дмитрий Ракишев панкреатитпен, өкпен туберкулезімен ауырған, наркологтың есебінде тұрған және абақтыда кереуеттің екінші қабатынан құлап, екі қабырғасы сынған, ал өзі демікпеден көз жұмған.

Құқық қорғаушы Анар Ибраева Дмитрий Ракишевті қамауға қажеттілік болмаған, себебі ол орташа ауыр дәрежедегі қылмыс жасады деп айыпталған және тергеу орындарынан жасырынбаған. Бірақ абақтыға жабылған соң он күннен соң жұмбақ жағдайда қатыс болған. Ал дәрігерлерге қатысты іс тергелмеген.

- Сол кездегі ауруханаға жатқызудан бас тарту оның өліміне әкеліп соқтырды. Сараптама жасағандар егер Дмитрий Ракишев дер кезінде ауруханаға жатқызылғанда өмірін сақтап қалуға болатын еді деген қорытынды шығарған. Қазір білуімше, ол дәрігерлер бостандықта жүр және Әшім Ракишев прокуратураға арыз жазса 2015 жылдан бері мемлекеттен ешқандай жауап берілмеді, - деді Анар Ибраева.

Дмитрий Ракишев тірі болғанда биыл 37-ге толатын еді.

XS
SM
MD
LG