Accessibility links

СІМ: Ирактағы соғыс аймағынан 4 қазақстандық елге оралды


Әнуар Жайнақов, сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Астана, 25 шілде 2017 жыл.
Әнуар Жайнақов, сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Астана, 25 шілде 2017 жыл.

Бұған дейін Ирактағы соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығарылған Қазақстанның төрт азаматы Ресейдің көмегімен елге жеткізілді деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. Төрт азаматтың бірі - 1985 жылы туған әйел, қалған үшеуі - балалар.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтары - үш бала және олардың анасы, ресейлік әйел Грозныйға жеткізілген және қазір сонда тұрып жатыр. Жайнақов екі отбасы да Ақтау қаласының тұрғындары екенін айтады.

Тамыздың 25-і күні СІМ Ирактың соғыс жүріп жатқан аймақтарынан Қазақстанның 14 азаматы шығарылғанын және оларды Қазақстанға эвакуациялауға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. 14 адамның біреуі ер, үшейі әйел, қалғаны - балалар.

Жайнақовтың Facebook-те жазуынша, қалған азаматтар әлі Иракта. Қазір Қазақстанның Иордания мен Ирактағы консулы оларды отанына эвакуациялау мәселесін шешіп жатыр.

Ол Ирактағы қазақстандықтарға қатысты толығырақ ақпараттың кейінірек берілетінін айтады.

24 тамызда Ресейдің Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Instagram-да Ирактың Күрдістан аймағындағы Таль-Афар қаласынан Ресейдің алты, Қазақстанның алты азаматы құтқарылғанын жазған.

XS
SM
MD
LG