Accessibility links

Сирияда атқылаудан екі ресейлік әскер оққа ұшты


Сириядағы Ресей сарбаздары. Сәуір, 2017 жыл.
Сириядағы Ресей сарбаздары. Сәуір, 2017 жыл.

Ресейде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының атқылауынан ресейлік екі әскери қызметкер қаза тапты деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Қорғаныс министрлігі келісім-шартпен қызмет ететін әскерилер шабуылға ұшырайтын кезде соғысушы тараптарды бітімге келтіретін орталықтың көлік колоннасын алып келе жатқанын айтады. Министрліктің мәліметінше, көлік колоннасын Дейр-әл-Зор провинциясында минометтен атқылаған. Салдарынан бір әскери қызметкер шабуыл орнында, екіншісі ауруханада қаза тапқан.

Reuters агенттігінің әскерилердің туыстары мен жақындарына және аты-жөнін атамаған шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, Сирияда 2017 жылдың басынан бері кем дегенде 40 ресейлік әскери қызметкер мен жеке әскери маман қаза тапқан. Агенттік қаза тапқандар арасында жекеменшік әскери компаниялардың 21 сарбазы, 17 кадрдағы әскери қызметкер мен статусы белгісіз екі ресейлік барын айтады. Осы жылғы адам шығыны Ресей Сирияда әскери кампаниясын бастаған алдыңғы 15 аймен салыстырғанда кәдімгідей артқан. Әскери кампания басталған 15 айда ресейлік 36 азамат мерт болған.

XS
SM
MD
LG