Accessibility links

Мирзияев ресми сапармен Қырғызстанға барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (сол жақта) елге сапарлап келген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты әуежайдан күтіп алған сәті. Самарқан, 24 желтоқсан 2016 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (сол жақта) елге сапарлап келген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты әуежайдан күтіп алған сәті. Самарқан, 24 желтоқсан 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 5 қыркүйекте бірінші рет Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады.

Бұған дейін Мирзияевтің екі күндік сапарында бірқатар құжатқа, оның ішінде шекараны делимитациялау және демаркациялау туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланған. Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы 1400 километрге жуық шекараның 230 километрге жуық бөлігі даулы күйінде қалып отыр. Тараптар сонымен қатар Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол құрылысын және екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

Мирзияевтің Қырғызстанға баратыны туралы 28 тамызда белгілі болған. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ош облысының Үзген ауданы тұрғындарымен кездесуінде Мирзиеятің осы аптада сапарлап келетінін айтқан.

2016 жылы желтоқсанда Атамбаев Өзбекстанның Самарқан облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Ол мұнда Шавкат Мирзияевпен кездесіп, Өзбекстанның бұрынғы прездиенті Ислам Каримовтің зиратына гүл қойған.

Өзбекстан президенті соңғы 17 жылда Қырғызстанға ресми сапармен бармаған. Бұрынғы президент Ислам Каримов Қырғызстанға 2000 жылы барған. Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2016 жылы қыркүйекте Өзбекстанды совет кезеңінен бері басқарған президент Ислам Каримов қайтыс болып, билікке Шавкат Мирзияев келген соң жақсара бастаған.

XS
SM
MD
LG