Accessibility links

Мәскеу түбінде оқушы оқ атып, төрт адам жараланды


Мәскеудегі мектептердің бірі (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі мектептердің бірі (Көрнекі сурет).

Мәскеу облысының Ивантеевка қаласында мектепте сынып ішінде оқушы оқ атты деп хабарлады Ресей ішкі істер министрлігі бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі. Оқиғадан кем дегенде төрт адам, оның ішінде мұғалім жараланды. Оқ атқан адам ұсталып, мектеп уақытша жабылды.

РБК агенттігіне куәгердің айтуы бойынша, болжам бойынша тоғызыншы сынып оқушысы пневматикалық қарудан информатика пәнінің басына оқ атқан. РБК оқ атқан оқушының аты-жөні Любовь Калмыкова екенін, атыстан үрейленген оқушылардың терезеден секіріп кеткенін айтады. Секірген оқушылардың үшеуі жарақат алған.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі мектепте сынып ішінде петарда жарылып, өрт шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG