Accessibility links

Путин Донбасқа БҰҰ бітімгерлік күштерін жіберуді ұсынды


Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин сыртқы істер министрлігіне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына Донбаста соғысып жатқан тараптардың майдан шебіне бітімгерлік күштерін кіргізу туралы қарар дайындауды тапсырды. "Бірақ, әрине, әңгіме ЕҚЫҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ғана болмақ" деді Путин Қытайда аяқталған БРИКС елдерінің саммитінің қорытынды баспасөз конференциясында. Ресей президенті БҰҰ-ның бітімгерлік күштері "басқа ешқандай территорияда емес", екі тарапты ажыратып тұратын шепте ғана орналасуы тиіс екенін айтты.

Украина парламенті төрағасының орынбасары Ирина Геращенко Донбастағы қақтығысушы тараптар түйісетін шепке БҰҰ бітімгерлерін орналастыру мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның пікірінше, Путиннің пікірі - "бітімгерлік ұғымын әдейі өзгертіп көрсету" және "бітімгерлік идеясын бұрмалау". Геращенко Донбастағы майдан шебі Украина шекарасы емесін айтты. Геращенко БҰҰ бітімгерлік күштерін сепаратистер бақылайтын территорияларға орналастыру керегін айтады.

Украина шығысында украин әскері мен ресейгіл сепаратистер арасында соғыс басталған үш жылдан бері 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Киев пен Батыс елдері Кремльді сепаратистерге қолдау көрсетті деп айыптайды. Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, Донбастағы "өзін-өзі жариялап алған республикалар" жағында 40 мың адам соғысып жатыр. Олардың қатарында Ресейдің бес мың сарбазы бар. Мәскеу мұны ресми түрде жоққа шығарады. Биыл шілдеде ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы Ресейден Украина шығысындағы "террорлық іс-қимылдарды" қаржыландыруын тоқтатуын талап еткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG