Accessibility links

Тбилиси Киевтен Саакашвилиді тұтқындап, қайтаруды сұрады


Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті.
Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті.

Грузия прокуратурасы Украина билігінен бұрынғы президент Михаил Саакашвилиді тұтқындап, экстрадициялауды сұрады. Бұл жайында Украина әділет министрлігі хабарлады.

Шілдеде Саакашвили Украина азаматтығынан айырылған. Киев азаматтықтан айыруға саясаткердің украин билігіне "өзінің Грузияда қылмыстық қудалауда жүргені туралы айтпағанын" сылтау қылған.

Саакашвили 2015-2016 жылдары Украинаның Одесса облысын басқарған. Губернатор қызметін атқарған ол украин шенеуніктерін, оның ішінде Петр Порошенконы коррупцияға қатысты айыптаған.

Саакашвили қазір Украинадан тыс жерде. Ол Украинаға 10 қыркүйекте оралуға ниетті. Киев бұған дейін Саакашвилиді Грузияға қайтарудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG