Accessibility links

АҚШ балаларымен келген заңсыз мигранттарды қорғауды доғармақ


Джефф Сешнс, АҚШ әділет министрі.
Джефф Сешнс, АҚШ әділет министрі.

АҚШ президенті әкімшілігі АҚШ-қа баласымен келген заңсыз мигранттарды депортациялаудан қорғайтын бағдарламаны (DACA) тоқтататынын жариялады. Бұл туралы Ақ үй таратқан президент Дональд Трамптың арнайы мәлімдемесінде айтылады. Президент әкімшілігі бұл мәселені шешуді Конгресттің қарауына қалдырмақ. Huffington Post газетінің жазуынша, егер Конгресс бұл шешімді құптаса, онда құжатсыз жүрген 800 мың адамға депортациялану қаупі төнеді.

Сейсенбіде АҚШ әділет министрі Джефф Сешнс Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында депортациядан қорғау бағдарламасын жою ниеті барын мәлімдеген. Сешнс бұл бағдарламаға 2012 жылдан, сол кездегі президент Барак Обама оны бекітуді ұсынғаннан бері қарсы болған. Сешнс сенатор ретінде АҚШ-қа балаларымен бірге келген, "арманшыл" деп аталған мигранттарды заңдастыратын заңнамалық шаралардың жолын жапқан.

Екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және "арманшылдардың" АҚШ-та жұмыс істеуіне DACA бағдарламасы бірден тоқтатылмайды. Бағдарламаға іліккен, жұмыс істеуге берілген рұқсатының күші 5 наурызда аяқталған адамдар жұмыс істеу құқығын ұзарту туралы 5 қазанға дейін өтініш білдіре алады. DACA бағдарламасының күші тоқтаса аталған мигранттарға депортациялану қаупі төнеді. Президент әкімшілігінің өкілдері "қылмыскерлерді ғана депортациялаймыз" дегенімен, құжатсыз жүрген иммигранттар депортацияланудан құтыла алмайтынын да жеткізіп отыр.

XS
SM
MD
LG