Accessibility links

Ресейде Феликс Дзержинскийге ескерткіш орнатылды


Киров қаласында Феликс Дзержинскийге орнатылған ескерткіш. 5 қыркүйек 2017 жыл.
Киров қаласында Феликс Дзержинскийге орнатылған ескерткіш. 5 қыркүйек 2017 жыл.

Ресейдің Киров қаласында жергілікті билік "бас чекист" Феликс Дзержинскийге ескерткіш орнатты. "Новая газетаның" хабарлауынша, қалада ескерткіштің ашылуымен бір уақытта саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне рұқсат етілмеген гүл шоғын қою акциясы өтті.

Дзержинскийдің ескерткіші Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі ардагерлерінің бастамасымен орнатылды. Ескерткіш жобасын Киров қалалық думасы бекіткен. Ескерткіш 1919 жылы партиялық тергеу комиссиясының жұмысына қатысқан Дзержинскийдің туғанына 140 жыл толуына орай ашылып отыр.

Қаланың Грина жағалауында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл қою 1918 жылы 5 қыркүйекте Совнаркомның "Қызыл террор туралы" қаулы шығарғанына байланысты еске алу ретінде ұйымдастырылды.

Феликс Дзержинский 1918-1919 жылдары контрреволюциялық ұйымдарға қатысы бар деп айыпталған адамдарды Вятка өзенінде жаппай атқан Бүкілресейлік төтенше комиссияны басқарды.

XS
SM
MD
LG