Accessibility links

Обама: Трамптың заңсыз мигранттарға қатысты саясаты қатігездік


Барак Обама, АҚШ-тың бұрынғы президенті.
Барак Обама, АҚШ-тың бұрынғы президенті.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама президент Дональд Трамп әкімшілігінің өзінің АҚШ-қа ата-анасымен кәмелетке толмаған кезінде келген заңсыз мигранттарды қорғау үшін қабылдаған бағдарламасын тоқтату шешімін "өз-өзіне зиян шектіретін қатыгездік және дұрыс емес әрекет" деп деп мәлімдеді.

"Бұл саяси шешім және мораль мәселесі" деді Обама Facebook-те жариялаған мәлімдемесінде.

"Америкалықтардың жалпы иммигранттарға қатысты қандай да бір проблемасы немесе шағымы болмасын, біз мұнда өздігінен келмеген, қауіп төндірмейтін және біздің ешнәрсемізді тартып алмайтын ол жас адамдардың болашағына қауіп төндірмеуіміз керек" деп жазды Обама.

5 қыркүйекте Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-қа кәмелетке толмаған кезінде келген заңсыз иммигранттарды депортациядан қорғайтын бағдарламаны жоятынын жариялаған.

Президент әкімшілігі бұл мәселені шешуді Конгресттің қарауына ұсынбақ. Huffington Post газетінің жазуынша, егер Конгресс бұл шешімді құптаса, онда құжатсыз жүрген 800 мың адамға депортациялану қаупі төнеді.

XS
SM
MD
LG