Accessibility links

Сот Серік Ахметовті түрмеден босатпақ


Серік Ахметов, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі.
Серік Ахметов, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, коррупциялық айып тағылып сотталып, жазасын өтеп жатқан Серік Ахметовтің жазасының қалған бөлігі шартты жазамен алмастырылды. Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай аудандық соты Ахметовтің бас бостандығынан айыру жазасының қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріне өзгерту туралы талап-арызын орындау туралы шешім шығарған. Сот қаулысы 21 қыркүйек күні күшіне енеді.

Сот Ахметовтің жазасын жеңілдеткенде оның жазасының үштен бірін өтеп, келтірген шығынын толық өтегенін, түрмеде "тәртібі жақсы болғанын", колонияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқанын ескерген.

2015 жылы желтоқсанда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды қаласы және облысының бұрынғы шенеуніктері, барлығы 21 адам коррупциялық қылмыс бойынша сотталған. 12 сотталушы үкімге қарсы шағым берген. Сот Серік Ахметовті "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. 2016 жылы наурызда апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға азайтқан.

Серік Ахметов сот барысында өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG