Accessibility links

Назарбаев Польша президентімен келіссөз жүргізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша президенті Анджей Дуда. Астана, 6 қыркүйек 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша президенті Анджей Дуда. Астана, 6 қыркүйек 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Польша президенті Анджей Дудамен келіссөз жүргізді.

Ресми баспасөздің хабарлауынша, Назарбаев кездесуден соң Дудамен қазақстан-польша қарым-қатынасын жақсартуды, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылағанын айтты. Оның сөзінше, екі елдің халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ортақ.

Назарбаев сонымен қатар өткен жылы Қазақстанда Польша капиталы салынған жаңа 10 кәсіпорын ашылып, 100 миллион доллар инвестиция салынғанын айтты. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстан мен Польша экономикаларының өсімі 4 пайызды құрайды деп болжанып отыр.

Қазақстан президенті Польшаға былтыр тамызда сапарлап барған.

XS
SM
MD
LG