Accessibility links

Минскіде Донбаста тұтқын алмасу жоспарын талқылайды


Донбастағы тұтқын алмасу. Украина, қыркүйек 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Донбастағы тұтқын алмасу. Украина, қыркүйек 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Киев тұтқынға алынған 309 сепаратисті 87 украин әскеріне айырбастауға дайын. Бұл жайында Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Юрий Тандит "Пятый канал" телеарнасының эфирінде хабарлады.

Тұтқын алмасу жоспары 6 қыркүйекте Минскіде өтетін үш жақты контакт тобының кезекті кездесуінде талқыланбақ. Тандиттің сөзінше, ауыр қылмыстар жасамаған және Украина шығысындағы қақтығыс кезінде тұтқынға алынған адамдарды ғана алмастыру жоспарланған.

Тұтқын алмасу дайындығы туралы бұған дейін Украинаның үш жақты байланыс тобындағы гуманитарлық мәселелер бойынша арнайы өкілі Виктор Медведчук айтқан болатын. Оның сөзінше, Киев мұндай тұтқын алмасу жолын 1 қыркүйекте-ақ ұсынған.

Украина билігінің мәліметінше, ресейшіл сепаратистер бақылайтын территорияларда Украинаның 144 азаматы тұтқында отыр. Олардың 87-сінің қай жерде екені анықталған.

Украина шығысында үш жылдан асқан қақтығыста 3136 украин азаматы тұтқыннан босатылған және табылған. 416 адам із-түзсіз жоғалған.

XS
SM
MD
LG