Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Сұлукөл ауылына жақын далада болған өрттен екі адам қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент ақпаратына қарағанда, өрт 4 қыркүйекте болған. Өрт сөндіру кезінде үш адамды өрт шалып, оның бірі - ауданның 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапқан. Оның мәйіті өрт сөндірілгеннен кейін табылған.
Денесін түрлі дәрежеде күйік шалған екі ер адам аурузанаға түскен. Олардың бірі - ауданның 39 жастағы тұрғыны 5 қыркүйекте көз жұмған.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өрт болған жерде қаза тапқан 41 жастағы тұрғын - селолық округ әкімі Батырбек Бірлепесов. Ауруханада көз жұмған 39 жастағы азамат - Сұлукөл ауылындағы мектеп мұғалімі Жолдыбек Әбдісаламов.
Зардап шеккен үшінші адамның халі ауыр деп бағаланып отыр.
Қазір оқиға бойынша сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлімімен ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") соталды тергеу басталған.