Accessibility links

Шымкентте судья "пара алды" деген айыппен сотталды


Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты, Оңтүстік Қазақстан облысы, 12 шілде 2017 жыл.
Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты, Оңтүстік Қазақстан облысы, 12 шілде 2017 жыл.

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты Қаратау аудандық сотының бұрынғы судьясы Ермахан Шаланов "пара алды" деген айыппен 7 жылға сотталды.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев бұрынғы судья Ермахан Шалановты "пара алды" деп айыптап, жеті жылға бас бостандығынан айыру, сот органдары мен мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын кесті. Үкім бойынша, экс-судьяның дүние-мүлкі де тәркіленбек.

Ермахан Шаланов биыл 14 қаңтарда "сотталушыдан бопсалау арқылы 500 мың теңге пара алып жатқан жерінде" ұсталған.

Судья Жорабаевтың сөзінше, Шаланов сотта айыбын мойындамаған.

XS
SM
MD
LG