Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында жаңа өткізу бекеті ашылды


Өзбекстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің ашылуына жиналған адамдар. 6 қыркүйек 2017 жыл.
Өзбекстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің ашылуына жиналған адамдар. 6 қыркүйек 2017 жыл.

Қырғызстын мен Өзбекстан шекарасында - Ош және Әндіжан облыстарының арасында 6 қыркүйекте "Достық" шекере бекетінің ресми ашылу салтанаты өтті. Шекара бекетінің ашылуына мыңдаған адам жиналды.

Шекарадан өткізу пунктінің Қырғызстан жағына орнатылған сахнада шенеуніктер сөз сөйлеп, концерт қойылды. Қырғызстанның ресми делегациясын вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев, ал өзбек жағынан Әндіжан облысының басшысы Шухратбек Әбдірахманов бастап барды.

Шенеуніктер екі ел басшылары қол қойған келісімге ризашылықтарын білдірді. Бұдан соң делегациялар өткізу пунктін аралап көрді.

"Енді телеграмма сияқты нәрселер ақыры ұмытылатын болды-ау" деді Дуйшенбек Зилалиев.

"Халықтың қуанғанын көрдім. Енді төлқұжат көрсетіп өте бересіз. Одан басқа ешқандай құжат қажет болмайды" деді Шухратбек Әбдірахманов.

2010 жылғы Ош оқиғасынан кейін екі елдің азаматтарының бұл бекет арқылы шекарадан еркін өтуіне шектеу қойылған еді.

XS
SM
MD
LG