Accessibility links

Франция 2040 жылға қарай мұнай мен газдан бас тартпақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Франция 2040 жылға таман мұнай мен газ өндіруден бас тартатын әлемдегі алғашқы мемлекет болуы мүмкін. Елде дизель және бензинмен жүретін автокөліктер саудасы да тоқтатылады.

6 қыркүйекте үкімет қарауына түскен заң жобасы бойынша, ел аумағында жаңа кен орындарын ашуға лицензия беру біртіндеп азайтыла бастайды.

Елде мұнай мен газды өңдеп, оны импортқа шығару тоқтатылмайды, өйткені Францияның өзі жылына бар болғаны 6 миллион баррель көмірсутек отынын өндіреді.

Франция климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі Париж келісімін орындау мақсатында 2022 жылға таман көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларынан бас тартады. Бұған қоса электр қуаты өндірісіндегі атом электр станцияларының үлесі 50 пайызға дейін азайтылады.

XS
SM
MD
LG