Accessibility links

Трамп: Пхеньянға қарсы күш қолдану - басты жоспар емес


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимыл жасау "басты жоспар емесін" мәлімдеді. Ол бұл мәселені Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен ашық түрде талқылағанын хабарлады.

Ақ үйде сөйлеген Трамп "Си әрекеттеніп көргісі келеді, оның бұл ісінен не шығарын көреміз, бірақ біз Солтүстік Кореяда болып жатқан жайттарға бейжай қарай алмаймыз" деді Трамп.

"Президент Си менімен жүз пайыз келіседі деп есептеймін. Ол да қазір болып жатқан әрекеттермен келісе алмайды... Біз телефон арқылы ашық сөйлестік" деді АҚШ президенті.

Ақ үй екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлескені туралы хабарламасында "президенттер Солтүстік Кореяның соңғы уақыттардағы арандатушылық әрекеттерін сынағаны" және Пхеньянның таңдаған жолын әлемге қауіпті деген тоқтамға келгені айтылған.

АҚШ президенті мен Қытай төрағасы Корей түбегін ядролық қарудан азат ету мақсатында бұдан ары да іс-қимыл жасап, байланысты нығайтуға уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG