Тәжікстанда ұялы байланыс абоненттеріне 6 қыркүйекте тұрғындарды тек ұлттық киім киюге шақырған SMS хабарламалар таратыла бастады.
"Ұлттық киім кию міндетті!", "Ұлттық киімді құрметтеңіз", "Ұлттық киім кюді әдетке айналдырайық" деп жазылған SMS-хабарламалар алты миллионнан астам адамның ұялы телефонына келген.
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 23 тамызда "Салт-дәстүрлерді реттеу туралы" заңға өзгерістер енгізіп, тұрғындарды ұлттық киім киюге міндеттеген.
Бұған дейін Тәжікстан мемлекеттік органдарының қызметкерлері жаңа ережеге байланысты астана тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.