Accessibility links

Қазақстан жер қойнауын пайдалануға аукцион жариялады


Ақмола облысындағы алтын өндірілетін Алтынтау ашық кеніші (Көрнекі сурет).

Қазақстан ондаған пайдалы қазба кен орнын игеруге аукцион жариялады. Қазақстан инвестиция және даму министрлігі ресми сайтында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілмек 109 жер учаскесінің тізімі жарияланды.

Министрлік "жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукцион түріндегі конкурс" 28 қарашаға белгіленгенін хабарлайды. Аукционға қатысуға өтініш қабылдау 27 қыркүйекте басталып, 27 қазанда аяқталады.

Саудаға негізінен алтын және түрлі-түсті металл кен орындары шығарылған. Бірақ аукционға қатысушылар сонымен қатар қара металдар мен кен орындары да бар учаскелер лотына да қатыса алады. Тізімдегі сегіз жер учаскесінің кейбірі жартылай, кейбірі толықтай Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигоны аумағында орналасқан.

Ресей Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған келісім бойынша жалға алып отыр. Полигонның қалған бөлігі Қазақстанның қарауында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG