Accessibility links

Анкара: Түрік шенеунігі Иранға қарсы санкцияны бұзған жоқ


Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта) мен Түркияның бұрынғы экономика министрі Зафер Чаглаян.

Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи АҚШ прокуратурасының Түркияның бұрынғы экономика министрі және мемлекеттік Halkbank банкінің бұрынғы басшысы Зафер Чаглаянға таққан "БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын бұзуға талпынды" деген айыбын терістеді. АҚШ тергеушілерінің дерегіне қарағанда, Чаглаян "америкалық банктер арқылы Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелері есебіне жүздеген миллион доллар жолдағысы келген".

Чаглаян "қолма-қол ақшамен және бағалы заттармен пара алған, ақшаның ізін жасырған және қаржыға қатысты алаяқтық жасаған" деп айыпталып отыр.

"Чаглаян Түркияның мүддесіне қайшы ешнәрсе жасаған жоқ. Егер ол басқа елдердің мүдделеріне қарсы әрекет етсе, онда оған түркияның қатысы жоқ. Айыптаушылар санкция бұзылды дейді, бірақ олар оны дәлелдесін" деді Нихат Зейбекчи.

Түркияның бұрынғы үкімет мүшесіне мұндай айыптар алғаш рет тағылып отыр. Чаглян Түркия президенті Режеп Ердоғанның сенімді адамдарының бірі саналады.

Бұрынғы министр америкалық құқық қорғау органдарының назарына ирандық алтын сату бизнесімен айналысатын Реза Заррабқа қарсы қылмыстық ісі арқылы іліккен. Оны да АҚШ Иранға қарсы санкцияларды айналып өткісі келді деп айыптап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG