Accessibility links

Қазақстан ААФ әлем чемпионатына қатысу жөнінде түсінік берді


Қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева 2016 жылы өткен Рио-де-Жанейро олимпиадасы ойындарында.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы (ААФ) қазір тоғыз команда, оның ішінде Қазақстан құрамасын бір жыл жарыстардан шеттету мәселесі ашық күйде екенін және Қазақстан құрамасының жарыстан бір жылға шеттетілгені туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді. ААФ-тің 8 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде Қазақстанның допингке төзімсіздік таныту принципін ұстанатыны айтылған.

2016 жылы 22-24 маусымда Тбилисиде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетінің конгресі мен отырысы өткен. IWF бұл жиындарда спортшылары 2008 жылғы Пекин олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон олимпиадасында допинг қолданған ұлттық федерацияларға қарсы жаңа шараларын жариялаған.

Жиында үш немесе одан да көп спортшылары допингке қарсы заңды бұзған елдерді жарыстан бір жылға шеттету туралы шешім қабылданған.

Қазақсан ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, бұл шешім әлі күшіне енбеген және бұл мәселеге 30 қыркүйекте Бухаресте IWF атқару комитетінің кезектен тыс өтетін жиынында нүкте қойылмақ.

"Қазақстан ауыр атлетика федерациясы IWF-тің кез-келген талабын орындайды, дегенмен жарыстан шеттетуді нәтиже беретін шара деп санамайды" деді федерацияның бас хатшысы Омар Мұстафин.

Бұған дейін БАҚ Пекин мен Лондон олимпиада ойындарындағы допинг сынамаларын қайта тексеруде үш немесе одан да көп спортшысының сынамасынан допинг табылған Қазақстан, Қытай, Ресей және өзге алты мемлекетке АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берілмеуі мүмкін деп хабарлаған.

"Біз бірнеше елге қатысты, оның ішінде Қазақстан да бар, допингке қарсы бірқатар қатаң шара қабылдау және егер ол талап-шарттар белгілі бір уақыт аралығында орындалмаса бір жылға дейін жарыстан шеттету туралы ресми түрде ұсыныс білдіргенбіз" деді Мұстафин.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG