Accessibility links

Тәжік соты шіркеу пасторына шыққан үкімді өзгертпеді


Тәжікстандағы "Сонмин Сонбогым" христиан шіркеуінің пасторы Бахром Холматовтың ұсталғаны туралы шіркеу сайтындағы ақпарат.

Тәжікстанның Соғды облыстық соты "Сонмин Сонбогым" христиан шіркеуінің пасторы Бахром Холматовқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Биыл шілдеде Худжанд қалалық соты шіркеу қызметкерін "ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық туғызғаны үшін" үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Холматовтың адвокаты Гүлнора Аминова тергеу кезінде және сот барысында Холматовтың кінәсі дәлелденген жоқ деп есептейді. "Біз сот үкіміне шағымданғанымызбен, облыстық сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды" деді адвокат.

Худжанд қалалық сотының судьясы 42 жастағы пастор Холматовты аптасына екі рет діни шара өткізіп, онда Тәжікстанды "құдайсыздардың мекені" деп атағанын айтады

Сот мәліметі бойынша, Бахром Холматов биыл сәуір айында кәрістердің протестант шіркеуін тексеру кезінде ұсталған. Сарапшылар шіркеу әдебиетін "экстремистік мазмұнда" деп таныған.

Тәжікстан билігі "Сонмин Сонбогым" ұйымының "тіркелмегенін", оның ел аумағындағы қызметі "заңсыз" екенін айтады. Бірақ шіркеу сайтында бұл орталық 2009 жылы Тәжікстанда ресми түрде тіркелгені туралы айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG