Accessibility links

Петропавлда "курсанттар жанжалынан" бір адам қаза тапты


Серікхан Абселемов, Петропавлдағы Ұлттыұ ұлан әскери институтының басшысы. 8 қыркүйек 2017 жыл.
Серікхан Абселемов, Петропавлдағы Ұлттыұ ұлан әскери институтының басшысы. 8 қыркүйек 2017 жыл.

Петропавлдағы Ұлттық Ұланның әскери институты курсанттары арасында болған жанжалдан бір адам қаза тапты деп хабарлады институт басшылығына сілтеме жасаған Азаттық тілшісі.

Ұлттық ұлан әскери институттың басшысы Серікхан Абселемовтің айтуынша, 7 қыркүйекте сағат 14.45 уақытында институт лазаретіне 3-курс курсанты қатардағы жауынгер Ғалымжан Тұрсын пышақ жарақатымен түскен. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан сағат 15.45 кезінде курсант жарақатынан қайтыс болған.

Оқиға болған жерде Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің оперативтік тергеу тобы, Әскери тергеу басқармасының және Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері тергеу жүргізіп жатыр. Қазір оқу орнында төтенше жағдай жарияланған.

Облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына қарағанда, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен институттың 19 жастағы курсанты тұтқындалып, қамалған.

Қазір сараптама тағайындалған.

XS
SM
MD
LG