Accessibility links

"Абу-Даби Плаза" құрылысындағы 61 шетелдік Қазақстаннан кетеді


Астанадағы "Абу Даби Плаза" кешені құрылысы. 3 қыркүйек 2017 жыл.
Астанадағы "Абу Даби Плаза" кешені құрылысы. 3 қыркүйек 2017 жыл.

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысында жұмыс істейтін 61 шетелдік жұмысшы - Үндістан азаматтары Қазақстаннан кетеді деп хабарлады Астана қалалық әкімдігі.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жұма күні Астана әкімі Әсет Исекешев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісімен және кешен құрылысының бас мердігері Arabtec Holding PJSC компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде 2 қыркүйекте "Абу-Даби Плаза" кешені құрылыс алаңының тексеру және өткізу бекетінде болған жұмысшылар жанжалы талқыланған.

Компания басшылығы "қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін" 61 шетелдіктің, оның ішінде 23 адамның бір тәулік ішінде Қазақстаннан кететінін хабарлаған.

Астанада үкімет ғимараттары орналасқан жерге жақын маңда жаңадан салынып жатқан "Абу Даби Плаза" кешені аумағында 2 қыркүйек күні кешке нысан күзетшісі мен шетелдік азамат арасындағы жанжалдан туындаған қақтығысқа 30 шақты адам - Үндістан азаматтары мен жергілікті тұрғындар қатысқаны туралы бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрлігі хабарлаған.

Ресми ақпарат бойынша, төбелес болған жерден полиция бөліміне апарылған 41 азаматтың сегізіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ұсталған өзге адамдар босатылған.

Кейін төбелеске байланысты бір қазақстандық, екі үндістандық азаматтың үстінен үш қылмыстық іс қозғалды.

ВИДЕО: "Абу-Даби Плаза" кешеніндегі жанжалға байланысты AzatNews хабары (05.09.2017):

AzatNEWS 05.09.2017
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:33 0:00

XS
SM
MD
LG