Accessibility links

Мексикада жер сілкісінінен бес адам қаза тапты


Мексика жағалауында күшті жер сілкінісі болған аймақ. 8 қыркүйек 2017 жыл.
Мексика жағалауында күшті жер сілкінісі болған аймақ. 8 қыркүйек 2017 жыл.

Мексика билігі 8 қыркүйекте елдің Тынық мұхиты жағалауында болған күшті жер сілкінісінен кем дегенде бес адам қаза тауып, ғимараттар қирап, шағын цунами тұрғанын хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, қуаты 8,1 магнитудаға жеткен зілзала ошағы Меккиканың оңтүстік бөлігіндегі Чьяпас штатының Трес-Пикос қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 километр қашықтықта, Тынық мұхитында болды.

Мексика ішкі істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, жер сілкінісінің қуаты 8,4 магнитуданы құрады. Тынық мұхитындағы цунами қаупін ескерту орталығы зілзала Мексика жағалауында биіктігі бір метрге жететін толқын тудырғанын хабарлады. Орталық Орталық Америка аймағының бірнеше мемлекетінің жағалауында бірнеше сағат бойы биік толқын тұруы мүмкін екенін ескертті.

Зілзала дүмпуі Мексика астанасы Мехико қаласында да сезілді. Мұнда тұрғындар ескерту дабылдарынан соң ғимараттардан эвакуацияланған. Жерасты дүмпулері Мексиканың Чьяпас штатымен шектесетін Гватемалада да сезілген.

XS
SM
MD
LG