Accessibility links

Порошенко: Бітімгерлер Ресей басқыншылығын қорғамауы тиіс


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко Украина шығысына орналастыру жоспарланған БҰҰ бітімгерлік күштері "Ресей оккупациясын" сақтауға емес, бейбітшілікке септесуі тиіс екенін мәлімдеді.

Порошенко Ресей президенті Владимир Путин Донбастағы қақтығысқа мониторинг жасайтын ЕҚЫҰ бақылаушыларын қорғау үшін бітімгерлік күштерін орналастыруды ұсынған. Ресей бітімгерлік күштерін украин әскерилері мен ресейшіл сепаратистердің майдан шебі түйісетін шекарада ғана орналастыруды ұсынатынын білдірген. Мәскеу ұсынысты сепаратистер қолдауы тиіс дейді.

Порошенко бітімгерлік миссиясы тұас қақтығыс аймағын, Ресей шекарасы мен сепаратистер бақылайтын Донецк және Луганск облыстарының территориясын да қадағалауы тиіс дейді. Киев бұл шекара арқылы ресейлік әскерилер келіп, қару-жарақ жеткізілетінін айтады.

"БҰҰ бітімгерлік күштерінің мақсаты - Ресей оккупациясын сақтап тұру емес, Донбаста бейбітшілікті қамтамасыз етіп, Украинаның территориялық тұтастығын толық қалпына келтіру" деді Порошенко. Ол Путиннің ұсынысын "ақылға қоныңқырамайды" деп атап, дегенмен Украинаның БҰҰ бітімгерлік күштері туралы ұсынысын талқылауға дайын екенін айтты.

XS
SM
MD
LG