Accessibility links

HRW: Египетте түрмеге қамалғандарды азаптаған


Каир түрмесінде қамауда отырған адам. 2 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Каир түрмесінде қамауда отырған адам. 2 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Human Rights Watch құқыққорғау ұйымы Египет түрмелеріндегі азаптау туралы баяндамасын жариялаған күннің ертесінде Египет халықаралық ұйымның сайтын бұғаттады. Ұйым баяндамасында бұрынғы 19 тұтқынның және қамауда болған тағы бір адамның туыстарының түрмедегі азаптауға қатысты берген куәліктері келтірілген. Құжат авторларының сөзінше, Египет билігі адамдарды заңсыз қамап, азаптаған, кейбір азаматтар ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Египет сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде құқыққорғаушыларды "Египеттің соңғы жылдары адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістікерін елемей, елге жала жауып отыр" деп айыптаған. Министрлік құқыққорғаушылар есебін "көпе-көрнеу қаралаудың кезекті көрінісі" деп атаған. Египет СІМ өкілі Human Rights Watch баяндамасы осы тәріздес ұйымдарға демеушілік танытатын мемлекеттердің мүдделерін көздейді деп мәлімдеген.

Нью-Йорк қаласында штаб-пәтері орналасқан Human Rights Watch халықаралық құқыққорғау ұйымы Египеттегі жағдай туралы баяндамасында бұл елде арнайы қызметтер үкіметпен келіспейтін азаматтарға қатысты "азаптауды жүйелі түрде қолданады" деп атап көрсеткен.

XS
SM
MD
LG