Accessibility links

Киевте көліктегі жарылыстан Грузия азаматы қаза тапты


Полиция қызметкерлері жарылыс болған автокөлікті зерттеп жатыр. Киев, 8 қыркүйек 2017 жыл.
Полиция қызметкерлері жарылыс болған автокөлікті зерттеп жатыр. Киев, 8 қыркүйек 2017 жыл.

Киевтің орталығында жұма күні автокөлікте болған жарылыстан осы қалада тұратын Грузия азаматы Тимур Махаури қаза тапты. Бұған дейін ол Джохар Дудаев атындағы шешен еріктілері батальоны құрамында Донбаста украин үкіметі әскерінің жағында сепаратистерге қарсы шайқастарға қатысқан.

Жарылыс болған кезде Махауримен бірге автокөлікте әйел (көлік жүргізуші) мен бала болған, зардап шеккен екеуін ауруханаға жеткізген. Тергеу органдары қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша іс қозғаған.

Тимур Махауридің қазасы туралы видео:

Киевте Тимур Махауриді қастандықпен өлтірді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Достарының айтуынша, Тимур Махаури бірінші және екінші шешен соғысына қатысқан, Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров оны "жеке жауым" деп атаған. Биыл қаңтар айында Киевте полиция Махауриді ұстап, кейін ол "заңсыз қару сақтаған" деген айып бойынша шартты мерзімге жаза алған.

БАҚ деректері бойынша, 2013-2014 жылдары Тимур Махаури "Кавказ әмірлігі" исламшылдар тобының жетекшісі Доку Умаровтың жақтастарын Түркия аумағында өлтіруге қатысы бар деген күдікке іліккен.

Бұған дейін, шілденің 1-і күні Киевте Донбастағы соғысқа Украина жағында қатысқан Шешенстанның тағы бір тумасы, бес жыл бұрын Мәскеу Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болған деп айыптаған Адам Осмаевты өлтіруге әрекет жасалған еді. Оған күдікті ретінде "Рамзан Қадыровтың жеке жендеті" деген атауға ие болған, бұған дейін бірнеше рет сотталған Артур Денисултанов-Курмакаевтың ұсталғаны туралы хабарланған. Қазір ол сот процесінің басталуын күтіп, Киевтің тергеу абақтысында қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG