Accessibility links

Молдова президенті ел әскерінің Украинадағы жаттығуға қатысуын сынады


Молдова президенті Игорь Додон (ортада) Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Қызыл алаңдағы әскери парадты тамашалап отыр. Мәскеу, 9 мамыр 2017 жыл.
Молдова президенті Игорь Додон (ортада) Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Қызыл алаңдағы әскери парадты тамашалап отыр. Мәскеу, 9 мамыр 2017 жыл.

Молдова президенті Игорь Додон елдің қорғаныс министрін Украинадағы халықаралық әскери жаттығуға сарбаздар жіберу туралы шешімі үшін отставкаға жіберуді талап етті. Молдова президенті министр Георге Галбурэнің шешімі мемлекет басшысының еркіне қарсы қабылданғанын айтқан.

Игорь Додон Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз елінің батыстық бағытты ұстанатын үкіметінің шешімін айыптаған. Ол Молдова әскерилерінің НАТО елдері жағында жаттығуға қатысуына және Кишиневті "геосаяси тайталасқа тартуға" қарсылық білдірген.

Молдова әскери министрлігі Украинада АҚШ әскери басшылығының басқарумен өтетін халықаралық әскери жаттығуға молдовалық 60-қа жуық сарбазды жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін Молдова президенті мен үкіметі арасында қарама-қайша ұстаным пайда болған. Аталған әскери жаттығу 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл бұл жаттығуға 14 елден екі мыңға жуық әскери қызметкер қатысады деп хабарланған.

Украинадағы әскери жаттығу қыркүйектің 8-інен 23-іне дейінгі аралықта өтеді.

XS
SM
MD
LG