Accessibility links

Түркия президенті Ердоған Астанаға келді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні кешкісін Астанаға сапармен келді деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Астана әуежайында Түркия президентін Қазақстанның инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қарсы алған.

Ердоған бүгін Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты келіссөздер өткізеді деп хабарланды.

Қыркүйектің 10-ы күні Түркия басшысы Астанадағы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысады.

XS
SM
MD
LG